Ескірмейтін естелік
Шет өңірінің батагөй ақсақалы, бүгінде 104
жасқа келген ұлағатты ұстаз Шәукей
Жұқанұлының естелігі
Шет өңірі облыс бойынша минералдық-шикізат қоры бойынша алдыңғы қатарда. Мәселе, алтынның 1,7%, молигеннің 27,3%, цинктің 20%, қорғасынның 17%, марганецтің 10%,волостаниттің 70%-ын, құрайтын өңірде кен орындары бар. Жер жүзіндегі бар вольфрамның 30 пайызы Шет өңірінің қойнауында орналасқан. Ауданның ауыл шаруашылығы саласы да даму үстінде. Саланын негізгі бағыты мал шаруашылығына бағытталған. Сонымен қоса келешекте егістік жерлердің көлемін ұлғайтып, дәнді-дақылдар мен көкөніс, картоп секілді азық-түлік өнімдерді молынан өндірудің бағыттары айқындалған.
«Жүз – жетемін деген жасым ба еді, быламық жейтін деген асым ба еді» депті ғой ертеде ғұмыр кешкен бір қария. Сол кісі айтпақшы, мен де жүз деген шіркінді бағындырып, әрі қарай өмір кешудемін, бұған мың да бір шүкіршілік.
Шет ауданы 1928 жылы құрылды. Қызылеспе, Қарабұлақта екі жыл қыстады. Төбесі терек, талмен жабылған. Едені жоқ, сырты қара лаймен сыланған. Тақта, бес-алты парта бар. 1928, 1929, 1930 оқу жылдарында латын әрпімен екі жыл оқыдым. Мұғаліміміз – Сейділда Садуақасов. Хат таныдық. Математиканы 1-2 кластарда жете меңгердік. Бәріміз де ересекпіз. Мұғалімнің үйреткенін өзіне қайталап айтып береміз. Мұса Бәйкенов, Әбейіт Ахметов, Төкен Жуасбаев бәріміз бірге оқыдық.
Аудан орталығы 1930 жылы күзде Ақсу-Аюлыға қоныс тепті. Қызметкерлер Ақсу, Еңбекшіл, Қойтас, Қаратөбе маңындағы үйлерде, Құмжонға орналасты. 1930-1931 оқу жылында Құмжондағы Бадан ақсақалдың қоржын үйі мектеп болды. Алғашқы мұғалім – Қамза Малыбаев. Біз Қойтаста қыстадық. Іляс Мұханбетшиннің әкесінің қоржын үйінің бір бөлмесінде тұрдық. Менің ағайым – Ерменбет Жұқанов пен Мейрамбек Байдаулетов екеуі ақша бөлімінде істейді. Жер шалғай болғандықтан мен бұдан әрі оқи алмадым.
1931 жылдың жазында қосаяқ жортқан құба жонға жетіжылдық мектеп үйі, мекемелер салына бастады. Ағаштар өгіз, ат арбамен Қарқаралыдан тасылды. Қиындық көп болды.
1932 жылы ақша бөліміне қызметке орналастым. Қағілез жас жігітпін, бастықтар қайда жұмсаса да, зыр қағып жүріп орындаймын. Жаз деп бергендерін жазып тастаймын. Есепқисап жұмысын үйреткен бас бухгалтер Мейрамбек Байдаулетов еді. Осындай жағдайлардың арқасында өмір көкжиегім ұ л – ғайды.
1938 жылы Ақмоладағы педучилищеге түсіп, өте жақсы оқып, оны 1941 жылы тәмамдадым. 1941-1942 оқу жылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепке келіп, мұғалімдікке орналастым. Қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс бердім. Сол кезде 7 класта Жұмабек Күлейменов, Егінбай Сембин, Забира Әлкеев, Рахымбек Рысбеков, Өміртай Балтин, Төлеутай Қасымов, Серік Рақышов сынды шәкірттер өте жақсы оқыды. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген нақыл орынды айтылған. Кластағы барлық баланың ісәрекетін, тәртібін немен айналысатынын зерттеймін, мүмкіндігінше қолдап көмектесемін. Мысалы, Бейбіт Мұстафин сурет салуды өте жақсы көрді. Оның бойындағы осындай қабілетін байқап, қосымша тапсырмалар беріп, ұдайы дамытуға тырыстым. Бейбіттің өзі де өнерлі отбасынан болатын. Ол Жезқазған пединститутының көркем суретграфика факультетін жоғары деңгейде бітірді. Қазіргі кезеңде республика бойынша аты әйгілі; скульптор-архитектор. Тағы бір шәкіртім – Ыбжан Төлегенов тым жас кезінен бастап домбыра тартты, баян ойнады. Ауданның айтулы азаматы болды. Кейінірек мәдениет бөлімінде «АқсуАюлы» ансамблінің жетекшісі болып, ауданның ұлт оркестрін құрды.
Рахымбек Рысбеков болса, сабақ арасындағы үзіліске шықпай, оқулықтан басқа кітап оқып отыратын. Белгілі ғалымдардың еңбектерін көп оқитын. Қарағанды мединститутын үздік бітіріп, ауданда ұзақ жылдар бойы дәрігер-хирург, бас дәрігер қызметін абыроймен атқарды.
Гулбаршын Ақпанова ән салуды ұнататын. Класта, атааналар арасында әнді тамаша айтатын. Қазақстан республикасының белгілі әншісі болды.
Гулбақша Тәженова жаңалыққа құмар, алды-артыңды орап, білгісі келіп отыратын. Қазір Қарағанды қаласында алдыңғы қатарлы мұғалім.
Баян Рақышев менің үйімде жатып оқыды. Математиканы жаны жақсы көретін. Есепті көп шығаратын. Алматының политехникалық институтын бітірді. Сол институттың ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды.
Оқытқан шәкірттерінің жақсы еңбек еткенін көріп, ұстаздың да мерейі өседі екен. Мен қазір мақтансам, солармен мақтанамын.