Аймақ

Теміртауда жаңа илемдеу цехы салынып жатыр

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Теміртауда жаңа сортты илемдеу кешенінің құрылысы қарқынды жүріп жатқанын хабарлады. Құрылыс алаңына алғашқы металл тіреу орнатылып, болашақ өндірістік цех қаңқасын қалыптастыру жұмыстары басталды.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Жоба металлургиялық комбинатты жаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асуда. Жаңа цехтың жылдық қуаты 540 мың тоннадан асады. Мұнда А600 және А1000 маркалы жоғары берікті арматура, сондай-ақ бұрыштық профильдер мен швеллерлер шығару жоспарланған.

Компания мәліметінше, қазір Qarmet тағы бірнеше ірі инвестициялық жобаны қатар жүзеге асырып жатыр. Олардың қатарында жаңа кокс батареяларының құрылысы, ыстықтай мырыштау желісі мен заманауи құю-илемдеу кешені бар.

Аяулым СОВЕТ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button