Облыс әкімі

ЕРЛЕРГЕ – ЕСКЕРТКІШ

Облыс әкімі Нұрмұхамбет ӘБДІБЕКОВ Чернобыль апатының залалын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіш белгінің ашылу салтанатына қатысты.

– Біз Чернобыль атом электр станциясындағы жарылыстың зардабын жоюға қатысушыларға арналған ескерткіш белгіні аштық. Бұл жарылыс өзінің ауқымы мен зардабының салдары бойынша қазіргі заманның ірі радиациялық апаттарының қатарына жатады. 30 жыл бұрын тым үлкен қасірет орын алды. Сол сәтте көптеген ұлттар бейжай қарап қалмады. Радияцияға, оның салдарына қарамастан барлығы Украина халқын құтқаруға жол тартты. Біз бүгін олардың ерлігіне бас иеміз. Біз, олардың ұрпақтары, аға-бауырлары көзсіз ерліктің қадірін түсінеміз. Олар да Ұлы Отан соғысының ардагерлері сияқты құрметке лайық, – деді аймақ басшысы.

Бұған дейін облыс әкімінің қабылдауында болған «Чернобыль ардагерлерінің облыстық кеңесі» қоғамдық бірлестігінің мүшелері аталған ескерткішті тұрғызу мәселесін көтерген болатын. Ескерткіш белгінің авторы – Игорь Баграмов.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button