Ерлан Қошанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Америка құрама штаттарының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уильям Мозермен кездесті. Кездесу барысында тараптар аймаққа мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің америкалық үлгісін енгізу мүмкіндіктерін талқылады. 

 — Біз мемлекеттік қызметтерді дамыту бағытында белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Облыс орталығында «ақылды» қаланың жобаларын енгізілуде. Биыл цифрландыру бағдарламасы аясында бірыңғай үйлестіру орталығы құрылады. Мұндай тәжірибе Джорджия штатының Сэнди-Спрингс қаласында бар. Біз онда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік моделі табысты іске асырылып жатқанын білеміз. Қаланы, тек, 7 адам басқарады, ал, барлық муниципалдық қызметтер бәсекелі ортаға берілген, — деді Ерлан Қошанов.
Аймақ басшысы елшіден  Америкадағы үздік шаһарлардың тәжірибесімен танысуға мүмкіндік беруді сұрады. Өз кезегінде Уильям Мозер алдағы уақытта қажетті ақпаратпен  бөлісуге уәде берді. 
АҚШ елшісі Қарағанды облысының экономикалық және әлеуметтік салаларында оң өзгерістер байқағанын атап өтті. 
— Нұр-Сұлтаннан Қарағандыға келер жолдың жақсарғаны қуантады. Кеше мен Теміртау қаласындағы металлургиялық комбинат пен №16 мектепте болдым. Көргенімнің барлығы керемет әсер қалдырды. Білім деңгейі, жаңа технологиялардың енгізілуі – барлығы тамаша, — дейді Уильям Мозер. 
Кездесу барысында америкалық елші  басым бөлігі Қарағанды облысының аумағынан өтетін жаңа газ құбырының құрылысының маңыздылығын да атап өтті.  Сонымен қатар, аймақ басшысы Ерлан Қошанов АҚШ елшісіне бірқатар инвестициялық ұсыныстар жасады.