Бас тақырып

Елімізде баспана бағасы арзандауы мүмкін

Биыл елде пайдалануға берілген баспана саны күрт көбейген, деп хабарлайды Ortalyq.kz turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: ult.kz сайтынан

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, жыл басынан 100 мыңнан астам пәтер сатылымға шықты. Бұл – 2019 жылдан бері ең жоғары көрсеткіш.

Сарапшылардың айтуынша, ұсыныстың артуы шаршы метр бағасының арзандауына әсер етуі мүмкін. Өйткені тұрғын үйлер көптеп салынып жатқанымен, жөнді бағдарламаның жоқтығынан сауда көлемі азайған. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылдың өзінде қолданыста болған үйлердің бағасы 5,5 пайызға арзандаған.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button