Елде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Ержан Мейрамов елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
– Біріншіден, реттеуші әрі жауапты министрлік ретінде нарықта дұрыс бәсекелестіктің болуына ерекше мән беріп отырмыз. Бұл салаға қатысты Үкіметтің нақты тапсырмасы бар, яғни «Қазақтелеком» құрамындағы екі ұялы байланыс операторының біреуін шығару ескерілген. Қазір осы тұрғыда инвесторлармен келіссөздер жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін 5G жиілігін сатуға арналған аукцион өткізу жоспарланып отыр. Егер осы аукционда басқа инвестор жеңімпаз атанса, онда жаңа оператордың пайда болу мүмкіндігі бар, – деді Е.Мейрамов.