АймақБас тақырыпҚарағанды

Қарағанды облысында вокзалдарды жаңғырту жұмыстары 94%-ға аяқталды – Ермағанбет Бөлекпаев

Қарағанды облысында теміржол вокзалдарын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Үкімет отырысында бүгінгі күні барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары орта есеппен 94%-ға аяқталғанын айтты. Жаңғырту жұмыстарын халықтың аз қозғалатын топтарының қажеттіліктерін ескере отырып, бес мердігер ұйым орындап жатыр, ал құрылыс алаңдарында 120 жұмысшы жұмылдырылған.

Сурет Үкімет

Қазіргі уақытта сегіз вокзал мен платформа бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы бар. Тағы алты жоба сараптамадан өтуде. Олардың қорытындылары жоспарлы түрде шілде айында шығады. Қаржыландыру мәселесі толығымен шешілді. 

– Жобаларды жүзеге асыру процесі тұрақты бақылауда. “Қазақстан темір жолы” ұлттық компаниясымен бірлесіп, реконструкция барысында туындайтын мәселелерді жедел шешудеміз. Барлық нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын осы жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті облыс әкімі.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Басқа материалдар

Back to top button