Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл

Ел тарихы – қазына

Ел Тәуелсіздігіне – 30 жыл. Осынша жыл ішінде еліміз талай жетістікке жетті. Жоғымыз түгенделіп, әлем елдерімен тереземіз теңесті. Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы мамандары мерейтой аясында «Тәуелсіздік шежіресі» жобасын өткізді. Жоба барысында орталық мамандары әзірлеген 12 бейнебаян көпшілік назарына ұсынылды.

Жоба – еліміздің қол жеткізген жетістіктерін насихаттау барысында ұйымдастырылған. Мәселен, Қазақстан халқы Ассамблеясы шетте жүрген қандастарымыздың Отанға оралуы жайлы «Демография жаршысы» атты бейнебаянды көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, металлургтер қаласы мен комбинат тарихынан сыр шертетін «Қала және Карметкомбинат», қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…» атты бейнебаяндар тізбегі көрсетілді.

Орталықтың ғылыми-зерттеу және экспозициялық көрме бөлімі ай сайын түрлі тақырыпта бейнебаяндарды жарыққа шығаруда. Мысалы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларын кеңінен талқылап, арнайы бейнебаян әзірледік. Мұнда ел тарихының бүгіні мен болашағы жайлы айтылды. Алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласының тарихы, Ата Заң, ЭКСПО-2017, Ұлттық валюта, Желтоқсан оқиғалары секілді тақырыпта бейнебаяндар әзірленеді, – деді Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығының басшысы Саида Саргизова.

Аталмыш орталық сонымен қатар «Тәуелсіздік құрдастары» жобасын ұйымдастырып отыр.

Жоба әр салада қызмет істейтін тәуелсіздік құрдастарын таныстырып, олардың жеткен жетістігін көрсету еді. Бүгінде біршама тәуелсіздік құрдастарымен сұхбат жүргізілген. «Жыл соңына дейін 12 кейіпкермен бейнебаян түсіріп, желтоқсан айында форум өткізуді жоспарлап отырмыз, – деп атап өтті Саида Жамантайқызы.

Ербол ЕРБОЛАТ.

ТЕМІРТАУ қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button