БілімЖаңалықтар

Қазақстан мен ICESCO ғылыми ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен ICESCO ғылым, жоғары білім және инновациялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтпек. Бұл мәселе Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында өтіп жатқан Science Summit 2026 жиынында талқыланды.

Суреттер Ғылым және білім министрлігінен

«Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі диалогты ICESCO мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Қазақстан делегациясын Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің ректоры Сауле Сагинтаева басқарды.

Сауле Сагинтаева «Kazakhstan as a Bridge for Knowledge, Innovation and Cooperation» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанның ғылым мен жоғары білім саласындағы тәжірибесін таныстырды. Кездесуде ғылыми дипломатия, жасанды интеллект, жаңа технологиялар және халықаралық зерттеу ынтымақтастығын дамыту мәселелері қаралды.

Жиын барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ICESCO арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Құжат ғылым, жоғары білім, зерттеулер мен инновациялар салаларындағы бірлескен жобаларды дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар Al Farabi-ICESCO Center for Science Diplomacy бастамасы талқыланып, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға бағытталған New York Joint Statement on Science Diplomacy for Inclusive Global Development құжаты қабылданды.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button