Жаңалықтар

Бүгін мектеп оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау басталды

2330 қыркүйек аралығында мектептерде 24-сынып оқушылары үшін алғашқы аралық бағалау кезеңі өтеді. 20262027 оқу жылынан бастап бұл сыныптарда формативтік және аралық бағалау қатар жүргізіледі.

Суретті түсірген Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Аралық бағалау оқу бағдарламасының аяқталған бөлімдері бойынша ұйымдастырылады. Оның форматы пәнге қарай өзгереді. Қазақ тілі немесе орыс тілі пәндерінен диктант және оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар беріледі. Бұл ретте оқушының мәтінді сауатты жазуы мен мазмұнын түсінуі бағаланады.

Әдебиеттік оқу пәнінен шығарма немесе мазмұндама, сондай-ақ, оқу сауаттылығына арналған тапсырмалар орындалады. Мұнда мәтінді түсіну, негізгі ойды анықтау және өз ойын жүйелі жеткізу дағдылары ескеріледі. Ал, математика пәнінен бақылау жұмысы өткізіледі. Оқушының есептеу дағдыларымен қатар, есептің шартын түсінуі, шешу жолын дұрыс таңдауы және жауабын негіздей алуы бағаланады.

Бір аралық бағалау жұмысына 40 минут беріледі. Ең жоғары балл 2 сыныпта – 12, 3 сыныпта – 14, 4 сыныпта – 16 балды құрайды.

Сонымен қатар, тоқсан бойы формативтік бағалау жалғасады. Педагог әр оқушыны өткізілген сабақтардың кемінде 30 пайызында бағалап, тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарының кемінде 50 пайызын қамтуы тиіс. Формативтік бағалау нәтижесі 1-ден 10 балға дейінгі шәкіл бойынша қойылады.

Айта кетейік, каллиграфия арнайы бағалау мақсаты болып табылмаса, оқушының жазу ерекшелігі оның балын төмендетуге негіз болмайды. Ал, 1-сынып оқушыларына балдық бағалау жүргізілмейді.

Бағалаудың негізгі мақсаты – оқушыға жай ғана баға қою емес, оның оқу материалын қаншалықты меңгергенін анықтау, оқу барысындағы ілгерілеуін бақылау және әрі қарай дамуына бағыт беру. Сондықтан бағалау баланың білімін жетілдіруге көмектесетін кері байланыс құралы ретінде қарастырылады.

Аида РАХЫМҚҰЛ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button