Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Азия ойындарындағы қазақстандық боксшылардың жарыс кестесі белгілі болды

Қазақстандық боксшылардың Азия ойындарындағы алдағы жекпе-жектері белгілі болды. Спортшылар 23-28 қыркүйек аралығында шаршы алаңға шығады.

Коллаж ЖИ арқылы жасалды

23 қыркүйек

80 келіге дейінгі салмақта Сабыржан Аққалықов Оңтүстік Корея өкілі Мин Киммен кездеседі.

24 қыркүйек

51 келіге дейінгі салмақта Алуа Балкибекова Үндістан боксшысы Сакшимен жұдырықтасады. Үндістандық спортшы 22 қыркүйекте филиппиндік Виллегасты төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп, 1/8 финалда Балкибековаға қарсы шығу құқығына ие болды.

70 келіге дейінгі салмақта Төрехан Сабырхан Қатар өкілі Мохаммед Дбичимен кездеседі.

25 қыркүйек

54 келіге дейінгі салмақта Назым Қызайбай Қытай спортшысы Ксуан Жаомен жұдырықтасады.

60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов Тайбэй өкілі Линь мен Оңтүстік Корея боксшысы Жанг арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен кездеседі.

26 қыркүйек

60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева Тайбэй өкілі Линь Юй-Тиньге қарсы шығады.

55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Иран өкілі Каземи мен КХДР боксшысы Чон Со арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен кездеседі.

90 келіге дейінгі салмақта Нұрбек Оралбай Ауғанстан өкілі Нооржбен жұдырықтасады.

27 қыркүйек

90 келіден жоғары салмақта Айбек Оралбай Қырғызстандық Кошалиев пен Түрікменстан өкілі Есламов арасындағы жекпе-жек жеңімпазымен кездеседі.

65 келіге дейінгі салмақта Аида Әбікеева Непал боксшысы Таманг пен Қытай өкілі Ли арасындағы жекпе-жектің жеңімпазына қарсы шаршы алаңға шығады.

28 қыркүйек

75 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова ширек финалда Өзбекстан өкілі Азиза Зокировамен кездеседі.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарындағы бокс бәсекесінде бірнеше салмақта жүлдеге таласып жатыр. Бокс турнирі 2 қазанға дейін жалғасады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button