Ресми

Еңбеккер мүддесі лайықты қорғалады

Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының басшысы Болат Жұмабековтің төрағалығымен Қарағанды облысы мен Ұлытау облысының салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Өңірдің кәсіподақтар көшбасшылары Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Бас кеңсесінің 2024 жылғы 31 қаңтардағы отырысының қорытындыларымен танысып, алдағы кезеңге жоспарларын белгіледі. Болат Жұмабеков әріптестеріне ҚРКФ қызметінің негізгі бағыттары туралы айтып берді.

Сурет: zhetysu-oblysy.gov.kz сайтынан

«ҚРКФ Бас кеңесінде Қазақстан Рес­публикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин атап өткендей – кәсіподақ қызметінің маңызды бағыты еңбекшілердің қауіпсіз еңбекке құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ету болып қала береді. 2023 жылы Қарағанды облысында 130 жазатайым оқиға орын алып, 233 адам зардап шекті.

Өкінішке орай, біз 66 адамнан айырылдық. Ұлытау облысы бойынша 2023 жылы 46 жазатайым оқиға болды, оның ішінде, ҚРФФ кәсіподақ ұйымдары бар кәсіпорындарда 3 жазатайым оқиға, зардап шеккендердің 59 адамның 3 кәсіподақ мүшелері, ал, қаза тапқандар 7 адамның екеуі ҚРКФ құрамына кіретін кәсіподақ мүшелері.

«Қазақстан» және Костенко атындағы шахталардағы оқиғалар көптеген салаларға тән проблемалық мәселелердің кең спектрлерін ашты. Жыл сайынғы талдау қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері өзгеріссіз қалады, бұл – жұмыс өндірісін, қауіпсіз еңбекті қамтамасыз етпеу және жабдықтарды кезең-кезеңімен жаңартудың қанағаттанарлықсыздығы», – деп атап өтті Кәсіподақтар орталығының төрағасы.

Ол есепті жыл ішінде Кәсіподақтар федерациясы 2030 жылға дейін Қазақстан Республикасында қауіпсіз еңбек Тұжырымдамасын әзірлеуге тікелей қатысқанын еске салды. ҚРКФ-нан жобаға 20-дан астам ұсыныс енгізілді, олардың бір бөлігі 2023 жылғы 26 желтоқсанда Үкімет бекіткен тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында да көрініс тапты. Сондай-ақ, Кәсіподақтар федерациясының ұсынысы бойынша өткен жылы қабылданған Әлеуметтік кодекске еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша жәрдемақы мөлшерін 25 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы тармақтар енгізілді және платформалық жұмыспен қамту бөлігінде мәселе реттелді.

«2023 жылғы 21 желтоқсанда еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заңға қол қойылды. 55 жасқа толған адамдарға арнайы әлеуметтік төлем енгізілді (кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болған және еңбек қызметі тоқтатылған жағдайда). Ол біздің өңірлеріміздің қызметкерлеріне де қатыс­ты», – деді Болат Жұмабеков.

Оның айтуынша, өткен жылы Кәсіподақтар федерациясының халықаралық ынтымақтастықты дамыту бойынша жұмысында белгілі бір жетістіктерге қол жетті. 2023 жылдың 12 айында мүшелік ұйымдардың 130-дан астам өкілі кәсіподақ қызметі бойынша 24 халықаралық іс-шараға қатысты. Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Астана мен Шымкентте екі өңірлік конференция өткізді.

«2023 жылы қазақстандық кәсіподақтар тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Бүкілеуропалық аумақтық кеңестің (ХКК БЕАК) вице-президенті болып сайланды, сондай-ақ, ҚРКФ басшылығы ХКК БЕАК-нің басқарушы органдарының құрамына кірді, бұл еуропалық кәсіподақтар тарапынан бізге деген сенім мен танудың жарқын айғағы болып табылады. Сонымен қатар, өткен жылы Кәсіподақтар Федерациясы Орталық Азия елдерінің кәсіподақтар кеңесіне төрағалық етті. Кәсіподақтар федерациясының Халықаралық қызметіндегі тағы бір маңызды оқиға 2023 жылы штаб-пәтері Анкарада орналасқан түркі мемлекеттерінің кәсіподақтар ұйымының бес елінің ұлттық кәсіптік орталықтарының құрылуы болды. ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы осы Ұйымның Бас хатшысы болып сайланды», – деді кәсіподақтар көшбасшысы әріптестеріне.

Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында ОАЕКК Жастар кеңесінің төрағасы болып ҚРКФ жанындағы «Келешек» Жастар кеңесінің басшысы Аян Сәлімгереев сайланды, оның мүшелері Павлодар және Қарағанды облыстарынан келген жас әріптестер – Гүлзира Атабаева мен Аймира Баграмова болды.

2023 жылы «Білім беру марафоны», Кәсіподақ көшбасшысы мектебі, «Кәсіподақ десанты» және «Жалпы құқықтық оқыту» оқыту жобалары шеңберінде Қарағанды облысында 27 семинар (2715 адам), Ұлытау облысында – 7 семинар (432 адам) өткізілді.

Болат Жұмабеков сондай-ақ, 2024 жыл ҚРКФ Бас кеңсесінің шешімімен «Лайықты еңбек жылы» деп жарияланғанын және ҚРКФ Төрағасының кәсіподақ қауымдастығының алдына қойған міндеттерін – кәсіподақтың барлық мүшелері үшін жалақы мен әлеуметтік кепілдіктердің нақты өсуіне қол жеткізу; заң шығарушы билік органдары қабылдайтын актілерге белсенді ықпал ету; қызметкерлердің мүддесі үшін тиімді әлеуметтік әріптестікті қамтамасыз ету; кәсіподақ ұйымының саналы кәсіподақ мүшелігі; басшылар мен мамандардың жоғары кәсіби кадрларына ие болу; мықты қаржылық базаға ие болу екенін атап өтті.

Биыл кәсіподақтар әлеуметтік әріптестермен бірлесіп, Қазақстанда лайықты еңбек стандарттарын белсенді түрде ілгерілетіп, еңбек саласындағы негізгі қағидаттар мен құқықтарды іске асыру мақсатында елдегі әлеуметтік әріптестікті нығайту; лайықты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту; еңбек жағдайлары мен әлеуметтік қорғауды жақсарту сияқты негізгі бағыттарға баса назар аударуы тиіс.

Қарағанды облысында және Ұлытау облысында 2023 жылғы кәсіподақ қызметін жан-жақты талқылау нәтижесінде мынадай мәселелер бойынша алқалы шешімдер қабылданды: 2024 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді; Павлодар облысының әріптестерімен тәжірибе алмасуды ескере отырып, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу саласындағы Медиацияның жалпы курсы ұйымдастырылады; Қарағанды облысының әкімі, облыстық кәсіподақтар (қызметкерлер) бірлестіктері және жұмыс берушілер бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Облыстық келісімге ұсыныстар туралы; кәсіподақ мүшелерінің Ютубтағы ҚРКФ арнасына, инстаграмдағы парақшаларға жазылуы, әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмысты жандандыру туралы.

Талқылауға көмір және металлургия өнеркәсібі, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақтарының, құрылыс кешені мен ТКШ, кәсіпкерлік және кооперация, мемлекеттік органдар мен ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің облыстық филиалдарының төрағалары белсенді қатысты. Ноян Бидайбаев, Жеңісбек Медебаев, Юрий Литвинов, Евгений Буслаев, Абай Сабденов, Виктор Щетинин, Алмагүл Рақышева, Айқын Ахметов, Дархан Джузбаев, Вера Бородина, Татьяна Пурясева және Татьяна Шатохина белсене атсалысты.

Ерік НАРЫН,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button