Білім

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті Ұлттық рейтинг көшбасшыларының үштігіне енді

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Білім берудегі сапаны қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары – 2024 ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Әуезов атындағы ОҚУ-дан кейін үшінші орынды иеленді. Көпсалалы жоғары оқу орындарының институционалдық рейтингіне 16 оқу орны қатысты.

Сурет: облыс әкімдігінің сайтынан

Сондай-ақ, агенттік білім беру бағдарламаларының рейтингін дайындады. Биыл алғаш рет докторантура бойынша білім беру бағдарламалары сараланды.

Рейтингке қатысқан Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінің 115 білім беру бағдарламасының 79-ы жүлделі орындарға ие болды: бакалавриат – 46 (72 қатысушының ішінен), магистратура – 24 (33-тен), докторантура – 9 (10-нан).

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button