Приозерск

Әдістемелік көмек көрсетілді

ЖУЫРДА ПРИОЗЕРСК ҚАЛАСЫНЫҢ «ДОСТЫҚ» БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕР ЖӘНЕ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ.

Қала әкімдігі ұйымдастырған іс-шара мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелердің қатысуымен өтті. Жәрмеңке барысында қаланың сексеннен аса тұрғыны сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер бойынша кеңестік-әдістемелік көмектер алды.

Жәрмеңкеге келушілерге электронды-цифрлы қолтаңбаның көмегімен электронды мемлекеттік қызметтерді алу үрдісін кезең-кезеңімен көрсету арқылы қолайлы жерде және кез келген уақытта компьютерлер, планшеттер және мобильді құрылғылар арқылы алу жолдары, «Цифрлық агент» (Digital agent) мобильді қосымшасын тіркеу және пайдалану тәртібі түсіндірілді. «Электронды үкімет», Digital agent, m.gov және telegramEgovkzBot бастамаларын жұртқа таныстыру мақсатында бейнероликтер көрсетіліп, брошюралар мен буклет таратылды.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button