Ресми

Әділетті Қазақстанды құрушы – жастар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында Қазақстанның даму мәселелерінің кең ауқымды тұстарын атап өтті. Президент өз сөзінде «Әділ Қазақстан – жауапты азамат – прогрессивті ұлт» триадасы түрінде елдің болашағы туралы көзқарасын ұсынды.

Сурет: brif.kz сайтынан

Мен үшін Қасым-Жомарт Кемелұлының жастарды тәрбиелеу мәселелеріне ерекше назар аударғаны өте маңызды. Ол біздің елімізде талантты, білімді, белсенді жастар көп екенін атап өтті. Аға буынның міндеті – оларға ең асыл және прогрессивті қасиеттерді сіңіру.

Мемлекет басшысы біздің барлық негізгі идеологемаларымыз бен негізгі бағдарламаларымызды қорытындылады. Бұл – Тәуелсіздік пен патриотизм, бірлік пен ынтымақтастық, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіпқойлық, жасампаздық пен жаңашылдық. Осы басты  құндылықтарды бұқаралық ақпарат құралдары мен шығармашылық индустрия, әсіресе, кино, музыка және әдебиет арқылы насихаттау өте маңызды.  Сондай-ақ, бұл құндылықтарды жоғары оқу орындары мен колледждер  оқушылармен және студент жастармен жүргізетін жұмысқа негіз ретінде алу қажет.

«Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қазіргі қоғам үшін өзекті деген мәселелерді атады. Жастардың болашағы мен денсаулығына әсер ететін зиянды әдеттер туралы да сөз қозғады. Президент нашақорлық пен есірткі бизнесіне, лудоманияға, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, буллинг пен агрессияға қарсы іс-қимыл мәселелеріне үлкен мән берді. Міне, жақында ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды. Енді мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жаза тағайындалады. Осы мәселелерді шешу қоғамдағы заң мен тәртіп құндылықтарын ілгерілетуге ықпал ететініне сенімдімін.

Президент айтқандай, қоғамға қауіпті кеселдермен күресуге зиялы қауым, ақпарат құралдары, үкіметтік емес ұйымдар, барлығы бір кісідей атсалысуы керек. «Мұны әрбір азаматтың және бүкіл қоғамның міндеті деп түсіну қажет. Себебі, бұл – ұлттың болашағына тікелей қатысы бар мәселе», – деді Президент. Бұл ретте университет те білім мен тәрбие орны ретінде өз үлесін қоса алады.

Құрылтайда айтылған тағы бір мәселе – IT-технологиялар. Оны Президент «болашағы зор бір бағыт» деп атады.

«Қазақстанда осы жылдың соңына дейін суперкомпьютер жасап, жаңа дата-орталықты іске қосу жоспарланған. Біз Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін салуды көздеп отырмыз. Бұл жоба Еуропа мен Азия арасында тағы бір цифрлы дәліз орнатуға жол ашады», – деді Мемлекет басшысы.

Уақыт жылжыған сайын жаңа технологиялар да дамып, жаңарады. Бұл ретте біздің  Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті жастарға мол мүмкіндік береді. Жастар – елдің болашағы, қозғаушы күші. Бұған ешкім дау айтпас. Сол жастарды Әділетті Қазақстанның негізін қалайтын жауапты азаматтар етіп тәрбиелеу, дұрыс жолға бағыттау – бізге жүктелген міндет.

Рустам БУЗЯКОВ,
«Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті» КеАҚ Жастар саясаты департаментінің директоры.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button