Халық Конституциясы

Әділ қоғам айнасы

Бүгінгі қоғамдық сана біржақты ұғым атаулысына иланбайды. Осы орайда Қазақстанның саяси тарихындағы кейінгі өміршең өзгерістер мен реформалар елдің мемлекеттік құрылымын, әлеуметтің құқықтық мәдениетін түбегейлі жаңартты. Әсіресе, конституциялық реформалардың халық тарапынан қызу қолдау табуы және оның мазмұнының азаматтардың мүддесіне сай келуі Ата Заңымызды «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз берді.

Сурет Ақордадан

«Халық Конституциясы» атты концепцияның өзі халқымыздың саналы ғұмырындағы демократиялық үдерістерді індете тереңдетіп, билік тармақтарының тепе-теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған сандаған маңызды бағытты қамтиды. Суперпрезиденттік модельден бас тарту, Президенттің өкілеттіктерін адекватты негізде шектеу, бір адамның бұл лауазымды мерзімінен тыс атқаруына шектеу қою арқылы билік транзиті мен тұрақтылығының әділ тетіктері қалыптанды. Парламенттің рөлін күшейту жолымен өкілеттіктерді кеңейтіп, партиялық тізімдермен қатар мажоритарлық жүйенің енгізілуі халықтың өз депутаттарын тікелей таңдауына септігін тигізді. Басқасын былай қойғанда, Адам құқықтарының институционалдық кепілдігі шегінде Конституциялық Соттың қайта құрылуы және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесінің конституциялық деңгейге көтерілуі әрбір азаматтың құқықтық қорғалуын күшейтті.

– Конституциялық реформаларды тек «жоғарғы эшелондағы өзгерістер» деп қабылдау – қателік. Ата Заң әрбір өңір жұртының санасына серпін сыйлады. Әсіресе, Қарағанды сынды қараорман  жұмысшы табы мен әртүрлі әлеуметтік топтар шоғырланған аймақ үшін азаматтардың әлеуметтік әділдікке деген сенімін түбегейлі бекітті. «Халық Конституциясы» күнделікті өміріміздегі демократиялық мәдениеттің, жергілікті өзін-өзі басқарудың және азаматтық қоғамның шынайы көрінісі, – дейді «Вайнах» бірлестігінің төрағасы Увайс Джанаев.

Егемендігімен еңсе тіктеген елдің құндақтап төріне ілген үкілі бас құжатын қаншалық дәріптесек те жараса берер. Баянды болашағын өзі бағамдаған халық бақытты.

Ерқанат Кеңесбекұлы
Ortalyq.kz

Фотоға түсініктеме: Ақорда

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button