Білім

Дарынды балаға демеуші керек

Қарағанды қаласының 90 жылдығына орай №4 мек­теп-интернатында «Кенші қала келбеті» атты өнер ту­ындыларын насихаттауға арналған көрме өтті.

Суреттер ұйымдастырушылардан

Бастама тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қарағанды қаласының сәулетті ғимараттарының макетін жасаудан басталды. Бұл 2021 жыл еді. Сол уақытта әрбір сынып­қа тәрбиеші бекітіліп, оқушылар макеттер тарихымен танысқан болатын. Еңбек пәнінің мұғалімдері макет жасауды қолға алып, мектеп басшылығымен бірге демеу­шілер қарастырды.

– Көрмеге Қарағандының 90 жылдығына арналған 8 макет ұсындық. Олар – «Тәуелсіздік мұнарасы», «Достық үйі», «Көк байрақ», «Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театры», «Г.Головкин атындағы Дене шынықтыру-сауықтыру кешені», «Қарағанды арена», «Әнет баба мешіті». Осылайша тәуелсіздікке дейінгі салынған ғимараттардың макетін жасадық. Жобада көлемдісі әрі маңыздысы – «Әнет баба» мешіті.

Біз үшін балалардың қауіпсіздігі бірінші орында. Сондықтан, макеттерге материал ретінде пластик, түрлі-түсті қағаздар, органикалық шыны, пластикалық құбыр және арнайы 201 желімін қолдандық. Жасап жатқан макеттердің көлеміне қарай қаражат кетеді. Сол себепті кейбір макеттердің көлемі шағын. Қаражатпен бізге қол ұшын созған жеке кәсіпкерлер бар. Балаларға макетті жасату арқылы күш береміз. Ынталандыруға баса назар аударамыз. Психологиясы ауытқыған балаларға да көңіл бөлу керек. Олар осыны жасау, көру арқылы өз ойларын айтады. Мұның өзі біз үшін жақсы көрсеткіш. Әрбір баланың өзіндік ойын, тұлғасын қалыптас­тыру, өмірге деген құштарлығын арттыру – басты міндет, – деді №4 мектеп-интернатының еңбек пәні мұғалімі Төлеубек Алиев.

Балалардың ынтасын, даму қасиетін арттыруда түрлі еңбек құралдарының әсері мол. Түстерді тану арқылы, белгілі бір пішіндерді жасату – ойлау қабілетінің жақсаруына ықпал етеді. Сонымен қатар, іс-шарада Ә.Бөкейхан ауданының әлеуметтік сала бойынша әкім орынбасары Алмагүл Есембаева, мәдениет саласының маманы, қоғам белсендісі Эльмира Сайлауқызы сынды мәдениет жанашырлары балалар туындысына куә болды.

Аружан СЕРІКБАЙ,
Е.Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті журналистика бөлімінің II курс студенті.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button