Бюджеттік өтінімге енгізілді
Облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде Ержанов-Ермеков көшелері қиылысына бағдаршам орнату немесе орнын ауыстыру туралы жарияланған Қуаныш Аманқұловтың «Кісі өлгенін күтеміз бе?» мақаласын қарастырып, келесіні хабарлаймын:
«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ және Қарағанды қаласы ІІБ ӘПБ ЖКИБ мамандарымен бірлесіп, аталған учаскені комиссиялық тексерістен өткізді.
Биыл 638 жол белгісін және 3 бағдаршам нысанын орнатуға қаражат бөлінді.
Бағдаршам нысанын ауыстыру «Елді мекендерде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың бюджеттік өтініміне енгізіледі.
Бұл мәселенің одан әрі шешілуі қалалық бюджеттік комиссияның отрысынан кейін белгілі болады.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру туралы» ҚР 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221-ІІІ Заңының 10 б., 12., 1 т. сәйкес, Сіз өтініш бойынша қабылданған шешімге байланысты жоғары мемлекеттік органға не жоғары лауазымды тұлғаға немесе сотқа шағымдануға құқылысыз.
Ш.ЖУСУПОВА,
«Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылығы,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы.