АймақБас тақырыпБұқар жырау

Ботақара кентіндегі жарылыс: бір адамның жағдайы ауыр

Бұқар жырау ауданы, Ботақара кентіндегі екі қабатты үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, екі адамның қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз. Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы кенттегі тұрмыстық газ баллонының жарылуынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты.

Суреттер: облыстық ТЖД

– Облыстағы медициналық мекемелерге зардап шеккен бес адам түсті. Оның үшеуі бала. Екі бала амбулаторлық емге шығарылды, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек науқастың бірінің жағдайы өте ауыр (денесінің 80%-ын күйік шалған), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Науқастар барлық қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі, – деп хабарлады ведомстводан.

Жарылыс кезінде 1973 жылы туған ер адам мен 1974 жылы туған әйел қайғылы қазаға ұшырады. Сондай-ақ қаза тапқандардың екеуі ерлі-зайыптылар екені белгілі болды.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button