АймақҚарағанды

«Жасыл елдің» шілде айындағы маусымына қабылдау ашылады

Қарағандыда бүгін, 15 маусым күні сағат 14:30-дан бастап «Жасыл ел – 2026» жастар еңбек жасақтарының шілде айындағы маусымына қатысу үшін өтінім қабылдау басталады.

Сурет қалалық жастар ресурстық орталығынан

Бағдарламаға 14 пен 34 жас аралығындағы жастарға қатысу мүмкіндігі бар. Өтінім беру үшін үміткерлер @qaragandy_jastary парақшасында көрсетілген арнайы сілтеме арқылы электронды сауалнаманы толтырып, қажетті құжаттарды PDF форматында жүктеуі тиіс.

«Жасыл ел» еңбек жасақтарына қабылдану үшін келесі құжаттар қажет:

  1. «Жасыл ел» еңбек маусымына қатысуға онлайн-өтініш.
    2. Жеке куәлік көшірмесі (16 жастан асқандар үшін) немесе туу туралы куәлік (14–15 жастағылар үшін). Жасөспірімдер үшін ата-ана немесе заңды өкілдің жеке куәлігінің көшірмесі де қажет.
    3. Жасөспірімдер үшін ата-ана немесе заңды өкілдің рұқсат хат өтініші (үлгісі қосымша берілетін болады).
    4. QR-код бар 075/У формалы медициналық анықтама.
    5. Әлеуметтік осал топқа жататынын растайтын құжат (бар болса).

Тіркелу сілтемесі 15 маусым күні сағат 14:30-да қолжетімді болады.

«Жасыл ел» бағдарламасы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға, қоршаған ортаны қорғау және абаттандыру жұмыстарына тартуға бағытталған республикалық жоба болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, Қарағандыда жастарды еңбекке баулу мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының 22-маусымы өз жұмысын бастаған болатын. Биыл бағдарлама аясында екі мыңға жуық жастар маусымдық жұмыспен қамтылмақ.

Сәнерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ студенті

Басқа материалдар

Back to top button