АймақТеміртау

Теміртауда UIDE FEST отбасылық фестивалі өтеді

20 маусым күні Теміртау қаласының «Астана» орталық алаңында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай және «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «UIDE FEST» отбасылық профилактикалық фестивалі өтеді. Іс-шара тұрғындар мен қала қонақтарына арналған қызықты бағдарламалар мен мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Сурет Теміртау әкімдігінен

Фестиваль аясында сағат 12:00-ден 16:00-ге дейін түрлі интерактивті алаңдар жұмыс істейді. Қатысушыларды спорттық және дамытушы белсенді ойындар, ұлттық спорт түрлері, шығармашылық шеберлік сабақтары, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, сондай-ақ байқаулар, викториналар мен сыйлықтар ұтысы күтеді.

Кешкі сағат 18:00-де мерекелік концерт болады. Сахнада танымал өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетпек.

Теміртаулықтар мен қала қонақтары үшін Metis’s, Domino, «Не все Сказано», Kerim Gold, Ақтоты Болышова және басқа да арнайы шақырылған қонақтар ән шырқайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, UIDE FEST – отбасы құндылықтарын дәріптейтін, салауатты өмір салтын насихаттайтын, шығармашылық пен пайдалы демалысты біріктіретін ерекше алаң.

Айта кетейік, фестивальге кіру тегін.

Жанерке ХАСЕНОВА
Е.Бөкетов атындағы ҚарҰЗУ ІІ студенті

Басқа материалдар

Back to top button