Тағзым

Болат есімі – мемориалды тақтада

Қарағандыда «Шалқыма» концерт залының ғимаратында белгілі композитор және музыкант Болат Сыздықовқа мемориалдық тақта орнатылды. Қарағандылықтар туған жері кеншілер өлкесін әндерінде дәріптеген жерлесімізді ұрпақтардың білгенін және есте сақтағанын қалайды.

Салтанатты рәсімге музыканттың туыстары, достары мен әріптестері жиналды. ҚР еңбек сіңірген қайраткері Болат Сыздықов Қарағандыда шахтёрлер отбасында дүниеге келген. Ол жүзден астам музыкалық шығармалар, соның ішінде Қарағанды және кеншілер туралы әндер шығарды. Қола барельефі бар гранит мемориалдық тақтасы суретші Владимир Проценко мен мүсінші Ринат Әбеновтің эскизі бойынша жасалған. 2016 жылы Қарағандыда Болат Сыздықовтың есімі Жұлдыздар аллеясында мәңгілік естелік ретінде орнатылды. Болат Сыздықов (1956-2016) Қарағанды қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Қарағанды мемлекеттік филармониясының солисі болып бастаған. Әр жылдары «Гүлдер», «Арай», «А-Студио» ансамбльдерінде ойнаған. 1992 жылы Карина Абдуллинамен бірге танымал «Мюзикола» дуэтін құрды. 2012 жылы Болат Сыздықовқа «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді.

Өз тілшімізден.

Басқа материалдар

Back to top button