Тағзым

«Алаш!» деген жүрек тоқтады

Ақпанда Арқа жұртын аңыратып, Алаштың аяулы перзенті дәріл бақиға көшті. Қылышынан қан тамған Совет үкіметіне қарсы тұрған Кәмел Жүністегі ағамыздан айырылдық. Қарымды қаламгер ғана емес, жүрегі түкті, мінезі мықты қайраткер еді.

Кәмел ағамыз өзінің саналы ғұмырын қазақты тануға һәм танытуға арнады. Бүкіл жыраулар мен көне тарихты зерттеп, қаншама сүбелі еңбектер жазды. Студент кезімізде «Құба белдерін» оқып, шежірелі тарихтан сыр ұқтық.

Кәмел ағамыз ештеңеге қызыққан жоқ. Тек жазумен болды. Марапаттың «шарапатын» көрмеді. Бертінде Төрехан Майбас ағамыз бас болып, «Халық қаһарманына» ұсынып, Ақордаға хат жаздық. Нәтиже жоқ. Мүмкін кейін болып қалар. Бірақ, одан ағамызға не пайда енді. Тірісінде құрметтеп, тірісінде асқақтатқанға не жетсін?!

Қазақ үшін от кешкен асыл адам кетіп барады. Бір дәуір аунап түсті…

Жанат ЖАҢҚАШҰЛЫ.

Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button