Жаңаарқа

Болашаққа нық қадам

    Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледжде ұжым мүшелерінің қатысуымен Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауы кеңінен талқыланды.

Жиында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.Стам­бекова «Халықаралық экономикалық бәсекелестік және Елбасының халыққа Жолдауы» атты баяндамасымен таныстырды. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қ.Оқасова Жолдаудың еліміздің болашақ дамуының кешенді бағдарламасы екеніне және Төртінші технологиялық революция, цифрлық технология туралы егжей-тегжейлі түсінік беріп, Жолдаудағы бес басымдықты жүзеге асыру – елдің саяси-экономикалық, әлеуметтік дамуындағы негізгі міндет екендігіне кеңінен тоқталды. Студенттердің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.

Өндірістік оқу шебері С.Игенбеков пен А.Қоңырова индустриялық-инновациялық даму, шағын және орта бизнесті дамыту, агроөнеркәсіптік кешен жайлы сөз қозғап, пікірлерін ортаға салды. Колледж әдіскері Ж.Қуанышева Жолдаудың «Қазақстан – 2050» Стратегиясын орындаудағы басты саяси бағыт екендігін айтты.

Студенттер Е.Омарханов, Б.Спатаев, Д.Оңғаров, И.Шайхысламов, Ж.Біләл, Е.Жарұлла білім саласын жаңғырту туралы ойларын ортаға салды.

Құралай ОҚАСОВА,

Ғ.Жарылғапов атындағы аграрлық колледж

директорының

орынбасары, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері.

ЖАҢААРҚА ауданы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button