Бас тақырып

Биыл әлеуметтік еңбек саласына 5 триллион 456 миллиард теңге бөлінеді

2024 жылы әлеуметтік еңбек саласына республикалық бюджеттің шығыстары үшін шамамен 5 трлн 456 млрд теңге қарастырылған. Бұл – 2023 жылғы шығыстардан 16,3% артық, деп хабарлайды Ortalyq.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: 018.kz сайтынан

Аталған шығыстардың 98,2%-ы немесе 5 трлн 355,5 млрд-ы 2,4 млн зейнеткерге зейнетақы және 2,2 млн-ға жуық адамға жәрдемақы төлеу үшін бөлінеді.

Бүгінде республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ынтымақты зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 41 түрі төленеді.

2023 жылы 4,4 млн адамға жәрдемақылар мен зейнетақыларды төлеуге, оның ішінде 2,3 млн зейнеткер мен 2,1 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға 4 трлн 689,3 млрд теңге жұмсалды.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button