Аймақ

«Бірлік. Заң. Қоғам» жобасы аясында cеминар өтті

Қарағандыдағы Достық үйінде «Бірлік. Заң. Қоғам» жобасы аясында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-түсіндіру топтарының қызметін жетілдіруге бағытталған оқыту семинары өтті. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «Қазақстандық Даму Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігі тарапынан жүзеге асырылып келеді. Ілкімді іс-шараны Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлан Бикенов ашып, семинардың маңыздылығына тоқталды.

Суретті түсірген автор

– Бүгінгі таңда ақпараттық-түсіндіру амалдарына ден қойған әріптестеріміз халық пен мемлекет арасындағы ықпалды рольге ие. Қоғамда жалған ақпарат пен түрлі манипуляциялар шектен тыс көбейген уақытта, сіздердің сауатты, байсалды, заң аясында түсіндіру жұмыстарыңыздың маңызы өте зор. Мұндай мәнді семинарлар өңіріміздегі жалпыұлттық бірлікті, қоғамдық келісімді одан әрі нығайтуға бағытталған нақты қадам деп ой тұжырамыз. Ал, қатысушылар болса, бойына сіңірген білімдері мен тәжірибелері ертеңгі күнде әр аудан, әр ауылда өз жемісін береді деп сенемін, – деп атап өтті.

Семинардың модераторы ретінде «Қазақстандық Даму Ассоциациясы» ЗТБ үйлестірушісі Шыңғысхан  Қожахметов сөз сөйлеп, жобаның мақсат-міндеттерін таныстырды. Семинар барысында халықтың құқықтық және медиасауаттылығын арттыру, этносаралық қатынастар саласындағы тәуекелдердің алдын алу, жалған ақпаратты, манипуляциялар мен арандатушылық контентті анықтау, сондай-ақ, әлеуметтік желілерде жауапкершілікпен әрекет ету мәселелері қарастырылды.

Шара аясында «Орталық Азия мұсылмандары ақсақалдар кеңесі» жобасының жетекшісі Әли Үкенов және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс басқармасының жетекші сарапшысы Наргиз Шотпай баяндама жасады.

Ерқанат КЕҢЕСБЕКҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button