Бірінші рет дауыс берді
16-шы ықшам аудандағы №№141, 142 референдум учаскелерінде тұрғындар белсенді түрде дауыс беруде. Мұнда мерекелік көңіл-күй салтанат құрған. Патриоттық әндер ойнап тұр. №141 учаске төрағасы Мартбек Күзембаев қажетті жағдай түгел жасалғанын айтты.
Суретті түсірген автор- Сағат 06:30-дан бастап, 30-40 адам келіп күтіп тұрды. Сағат 10.00-ге дейін 400-ге жуық тұрғын дауыс берді, – дейді Мартбек Қайыркенұлы.
Ал, ықшам аудан тұрғыны Жібек Зейкенова да таңмен таласа келіпті дауыс беруге. Елдің ертеңіне, жарқын болашағына сенетінін айтты.
Сонымен қатар, ҚарУ-дың физика-информатика факультетінің ІІІ курс студенті Шұғыла Кәмеледин ең бірінші рет келіп, дауыс берген. Студент бойжеткеннің белсенділігіне риза болған комиссия мүшелері естелікке қойын дәптер мен қаламсап тарту етті.
Жәлел ШАЛҚАР.