Жаңалықтар

«БІР СЕН ҮШІН»

    «Сарыжайлау» кинотеатрында тұсаукесері өткізілетін жаңа отандық драмалық фильм осылай аталады.

Фильмнің қоюшы-режиссері Ардақ Төлеубай өзінің осынау алғашқы туындысы жайындағы пікірін былайша білдірген болатын: – Назарларыңызға менің кино әлеміндегі алғашқы қадамым, жұмысым ұсынылып отыр. Тақырып қазіргі таңдағы маңызды әрі өте өзекті отбасылық мәселелерді қамтығандығын ерекше айтқым келеді. Қазіргі жігіттер бұл киноны көрсе ойланып қалады деп ойлаймын. Ер-азамат жанұясына қаншалықты ықпалды болып иелік жасай алады, түрлі қиындыққа кезіккенде шаңырағын шайқалтпай қалайша сақтап қалады деген мәселелер көтерілген,– дейді. Яғни, авторлардың айтуынша, фильм сюжеті қоғамымыз­да орын алған көкейтесті мәселе – балалы бола алмау салдарынан шаңырақтың шайқалуын тақырып өзегіне айналдырған.

Аталмыш фильмнің тұсаукесеріне бас продюсер әрі басты рөлді сомдаушы Азамат Сатыбалды мен қоюшы-режиссер Ардақ Төлеу­бай бастаған Оразхан Кенебаев, Зарина Карменова, Айжан Байзақова тәрізді актерлар қатысады деп күтілуде.

Олай болса өзекті мәселені көріп сіздер де ой түйіңіздер, ағайын!

Раушан НҰРША.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button