Қарағанды

Балалық – бақыт бесігі

     Жуырда балалар мен жасөспірімдер сарайында «Жаңа жыл шыршасы» өткізілді. Мереке театрлық қойылымнан басталып, балалар Аяз атамен, келе жатқан жаңа жылдың символы – тауықпен және басқа да ертегі кейіпкерлерімен кездесті.

     Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданының әкімі Татьяна Шатохина бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Балалар да өз кезегінде тақпақ айтып, билеп, ойын-сауық құрып, шын көңілмен көңіл көтерді. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

     Мерекелік іс-шараға қоғамдық ұйымдардан «Үміт» мүгедектер еркін қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Арман» мүгедектер еркін қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қазақ саңыраулар қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Лучик надежды» қоғамдық бірлестігі, «Қазақ нашар көретіндер қоғамы» қоғамдық бірлестігі, «Қамқор» мүгедектер еркін қоғамы» қоғамдық бірлестігі, сонымен қатар, Қазыбек би ауданының көп балалы және аз қамтылған отбасыларының 200-ден астам балалары қатысты.

Өз тілшімізден.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button