Облыс әкімі

БӨЛІМ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып конкурстық іріктеу арқылы Мерген Мейрамұлы МҰҚЫШЕВ тағайындалды.

Мерген Мейрамұлы 1985 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2007 жылы Қарағанды мемлекеттік тех­никалық университетін, 2010 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды эко­номикалық университетін тәмамдаған. Біліктілігі бойынша – техника және технологиялар бакалавры, экономика бакалавры.

2007 жылдан бері мемлекеттік қызметте.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданы әкімі аппаратының бас маманы, бас инспекторы, облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы, әлеуметтік сала және халықты жұмыспен қамту бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2015 жылдың қазан айынан 2016 жылдың шілдесіне дейін Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармаға басшылық етті.

Осы тағайындауға дейін облыс әкімінің кеңесшісі болды.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button