Бас тақырып
Бүгін Қарағандыда бас шыршаның шамдары жағылады
Бүгін, 25 желтоқсан сағат 19.00-де Қарағандының Тәуелсіздік алаңында қаланың бас шыршасының шамдары жағылады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Таңертеңнен бастап Тәуелсіздік алаңында аталмыш оқиғаға дайындық жүріп жатыр. Арнайы техникалар жұмыс істеп, сахна монтажы жүргізілуде. Кешке мерекелік бағдарлама, шыршаның шамдарын жағу және отшашу жоспарланған.
23-30 желтоқсан аралығында «Теміржолшылар» МҮ, «Молодежный» МҮ және «Жаңа Майқұдық» МҮ балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер, қала кітапханаларында тақырыптық іс-шаралар өтеді. 1 қаңтарға қараған түні сағат 01.00-де Орталық саябақта Жаңа жылдық концерттік бағдарлама өтеді деп жоспарлануда.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.