Басты тақырып

Азат елдің «Айбыны»

         Азат елдің айбыны да, қорғаны да – Қарулы Күштерінде. Жыл сайын олардың шеберліктерін шыңдап, жетілдіріп отыру – мемлекет қауіпсіздігінің кепілі. Осыған орай, ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығы аясында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығы полигонында халықаралық «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Әскери-патриоттық жастар жиыны биылға дейін республика көлемінде жыл сайын өткізіліп келген. Ондағы мақсат – әскери қызметті насихаттау ғана емес, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің имиджін арттыру, әртүрлі елдердің жас армияшылары бірлестіктері арасындағы ынтымақтастықты нығайту, тағысын тағылары бар. Биылғы бір ерекшелік – аталған әскери-патриоттық жиын алғаш рет Халықаралық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Мұнда Ресей Федерациясының командалары және жиын бақылаушысы ретінде Өзбекстаннан арнайы шақыртылған қонақтар қатыс­ты.

Қарағанды төсіндегі халықара­лық жиында 600-ден аса әскери өнер­лерін ортаға салады. Олардың қатарында республика өңірлеріндегі әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері, Астана, Шымкент, Алматы, Қарағанды қалаларындағы «Жас ұлан» республикалық әскери мектептерінің, «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, Павлодар қаласындағы әскери мектеп-интернаттың, Семей қаласындағы мамандандырылған «Жас ұлан» ер балалар мектебінің тәрбиеленушілері және Ресей Федерациясы Орынбор президенттік кадет училищесінің тәрбиеленушілері бар.

Жиынның ашылу салтанатында алғашқы сөздің тиегін ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-лейтенант Талғат Мұхтаров ағытты:

Құрметті қатысушылар, қадірменді қонақтар! ҚР Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына қош келдіңіздер! Еліміздің дамуы мен өркендеуі және келешегі жастарға тікелей байланысты. Елбасы, Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еліміздің келешегі – жастардың қолында» деген сөзі жастарға үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын айқын көрсетеді. Жастарға тәрбие беруде әскери-патриоттық жаттығулардың мәні өте зор. Сондықтан, біз жыл сайын осындай жастардың үлкен жиынын өткізіп келеміз. Биылғы жиынның ерекшелігі – бірінші рет Халықаралық деңгейде өтуі. Ендеше, сәт сапар!KRA_9269

Келесі кезекте Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Жандос Әбішев сөйледі:

Елбасы, ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы әр Жолдауында қазақстандық патриотизмді, ұлттық идеологияны дамытуды, әсіресе, мұны жас азаматтар арасында кеңінен насихаттауды басты құндылықтардың қатарына қоятыны баршамызға мәлім. Осыған орай, жастар саясатын жүзеге асыру аясында әскери-патриоттық шаралар өткізу – маңызды бағыттардың бірі. Отаны, туған елі мен жері үшін жан аямайтын ұрпағы бар елдің болашағы жарқын. Бұған куә – тарих. Біздің Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбітшілігімізді қас қақпай күзетуші ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін! – деді ол.

Халықаралық жиынның салтанатты ашылуында 22750 әскери бөлімі қызметкерлерінің қоян-қолтық ұрыстарын, Құрмет қарауыл ротасының шеберліктерін, арнайы мамандандырылған жасақтар көріністерін, артиллерия және авиация қолдауымен өткен әскери эпизодтарды, Қарағанды қаласының әскери-техникалық мектебі мотоциклистерінің шеберлігін тамашаладық.

Жиын маусымның 13-і мен 17-і аралығында, төрт күнге созылады. Бағдарламаға сәйкес, «Білімдар» зияткерлік ойыны, өз жетістіктерінің көрмесін өткізу, өңірлер мен оқу орындарының таныстыру рәсімі, роботты техника бойынша «Менің роботым» байқауы, әскерилендірілген кросс, арқан тарту, пневматикалық винтовкадан оқ ату, «Айбын дауысы» фестивалінің мега-арты, пейнтболды командалық құрамда ойнау, әскерилендірілген эстафета және «World of tanks» компьютерлік ойыны бар. Сондай-ақ, балалар бірегей дайындық мектебінен өтіп, қазақстандық армияның заманауи техникасы мен қару-жарағын тамашалап, өздерінің күштері мен мүмкіндіктерін сынайды.

Жәнібек Әлиман.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button