Бас тақырыпЖаңалықтар

Қарағанды облысында 916 алаяқтық әрекеті интернет арқылы жасалған

Қарағанды облысында алаяқтықпен күрес және оның алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейді. Биыл облыста 1 306 алаяқтық фактісі тіркелсе, оның 916-сы интернет арқылы жасалған. Бұл барлық тіркелген қылмыстардың шамамен 40 пайызын құрайды, деп мәлімдеді Қарағанды облысының прокуратурасы.

Сурет ЖИ арқылы жасалды

Алаяқтардың жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасы антифрод Call-орталығын іске қосты. Бүгінде орталықтың көмегімен 17 мыңнан астам күмәнді қоңырау тоқтатылған.

Байланыс операторларымен бірлескен жұмыстың нәтижесінде қарт азаматтарға жасалған алаяқтық әрекеттердің де алдын алу мүмкін болды. Жыл басынан бері осындай 40 жағдайға тосқауыл қойылған. Мәселен, бір жағдайда 80 жастағы әйелдің алаяқтарға аудармақ болған 1,3 млн теңгесі сақталып қалды.

Прокуратура азаматтарды онлайн сауда кезінде, әлеуметтік желілерде және телефон арқылы сөйлескенде барынша сақ болуға шақырады. Бейтаныс адамдарға жеке және банк деректерін, SMS-кодтарды бермеңіз, күмәнді сілтемелерге өтпеңіз және белгісіз қосымшаларды жүктемеңіз.

Алаяқтар көбіне банк қызметкері, мемлекеттік орган өкілі немесе туыс ретінде хабарласып, азаматтарды асықтыруға тырысады. Сондықтан кез келген күмәнді қоңырау кезінде ақпаратты қайта тексерген жөн.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Back to top button