«Шахтер» қарсылас қақпасына алты гол соқты
«Шахтер» командасы «Актобе» U21-ге қарсы матчта жеңіске жетіп, қарсылас қақпасына алты гол соқты. Қорытынды есеп – 6:1. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ қарағандылық футболшылар белсенділік танытты. «Шахтердің» шабуылшысы Артем Литош бірінші таймда-ақ дубль жасап, 28 және 29-минуттарда қатарынан екі гол соқты. Осылайша команда үзіліске 2:0 есебімен шықты.

Екінші таймда «Шахтер» қарқынын бәсеңдеткен жоқ. 51-минутта Диас Қалыбаев есепті 3:0-ге жеткізсе, араға он минут салып Литош тағы бір гол соғып, хет-тригін рәсімдеді.
Көп ұзамай Қалыбаев та екінші голын соқты. 62 минутта есеп 5:0 болды. Ал 70 минутта Қасымжан Таипов қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Шахтердің» алтыншы добын енгізді.
«Актобе» бір голмен жауап бергенімен, бұл ойынның тағдырын өзгерте алмады. Қорытынды есеп – «Актобе» U21 1:6 «Шахтер».
Матчтың басты қаһарманы – үш гол соққан Артем Литош. Қалыбаев екі рет мергендік танытса, Таипов бір голдың авторы атанды. Жалпы, «Шахтер» сәтті ойын үлгісін көрсетіп, қарсыласқа мүмкіндік қалдырмады.
Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz



