Бас тақырыпЖаңалықтарСпорт

Рыбакина Торонто турнирінің финалына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан беделді турнирдің финалына шықты. Жартылай финалда ол әлемнің төртінші ракеткасы Коко Гауффты жеңді.

Сурет теннис федерациясынан

Кездесудің алғашқы сетінде америкалық теннисші 7:5 есебімен басым түсті. Алайда Рыбакина кейін ойынды өз пайдасына өзгертіп, екінші және үшінші сеттерде 6:2, 6:2 есебімен жеңіске жетті.Осылайша қазақстандық спортшы Гауффты 5:7, 6:2, 6:2 есебімен ұтып, финалға жолдама алды.

Енді Рыбакина Торонто турнирінің титулы үшін Польшаның экс-бірінші ракеткасы Ига Швёнтекпен кездеседі.

Айта кетейік, Рыбакина турнир барысында екінші рет қатарынан бірінші сеттегі жеңілістен кейін камбэк жасады. Бұған дейін ол ширек финалда жапониялық Наоми Осаканы жеңген болатын.

Торонто турниріндегі жеңіс Рыбакинаны әлемдік рейтингте бірінші орынға шығуға одан әрі жақындатады. Егер қазақстандық теннисші чемпион атанса, оның қазіргі көшбасшы Арина Соболенкодан айырмасы небәрі 4 ұпай болады.

Диас СЕРІКҚАЗЫҰЛЫ
Ortalyq.kz

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button