Ресми

Қазақстан экспорты жарты жылда $40 млрд-тан асты

2026 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан экспорты 8,6%-ға өсіп, $40,3 млрд-қа жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда $3,2 млрд-қа көп. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі хабарлады.

Коллажды жасаған Арайлым Коктаева

Импорт көлемі 5,4%-ға артып, $31,5 млрд болды. Нәтижесінде сыртқы сауда айналымы $71,8 млрд-қа жетіп, оң сауда сальдосы шамамен $8,9 млрд-ты құрады.

Экспорттың өсуі Қазақстанның бірқатар халықаралық нарықтардағы позициясын нығайтуымен қатар жүріп отыр. Атап айтқанда, Қытай, Түркия, Франция, Өзбекстан және басқа да елдерге отандық тауар жеткізу көлемі артқан.

Осылайша, жыл басынан бері экспорттың импортқа қарағанда жоғары қарқынмен өсуі Қазақстанның сыртқы сауда теңгерімін нығайта түсті.

Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button