Жарқын болашақ үшін дауыс береміз
Бүгінде қазақстандықтардың алдында бірлікті, ашық диалогты және бірлескен жұмысты талап ететін маңызды міндеттер тұр. Қазіргі Құрылтай сайлауында әрбір азаматтың дауысы маңызды, ал, әрбір ұсыныс оң өзгерістердің негізіне айналуы мүмкін.

Кәсіподақ қозғалысы сайлау процестерінде әрдайым сындарлы азаматтық белсенділік танытып келеді. Өйткені, еңбек адамының әлеуметтік-еңбек құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты барлық мәселелер заңнамалық тәртіпте, ашық қоғамдық диалог пен әлеуметтік әріптестік арқылы шешіледі.
Тек бірлескен күш-жігердің арқасында ғана өзекті мәселелердің тиімді шешімдерін таба аламыз, кәсіподақ қозғалысының бірлігін нығайтып, еңбек адамдарының беделін арттырып, еңбек ұжымдары мүшелерінің одан әрі дамуы мен әл-ауқаты үшін қолайлы жағдай жасай аламыз.
Құрылтай еңбек адамдарының мүддесіне қызмет ететін әлеуметтік диалог, өзара құрмет пен сындарлы бастамалардың маңызды алаңына айналады деп сенемін.
Біз бірге болашақты жасаймыз! Болашақта еңбек адамының үні нық әрі салмақты естілетін болады! Бірге – біз күшпіз!
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай сайлауына қатысайық!
Болат ЖҰМАБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының
Қарағанды облыстық Кәсіподақтар
орталығының төрағасы


