Азаматтық жауапкершіліктің үлгісі
Бүгін Қарқаралы ауданында 51 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Таң сәріден дауыс беру орындарына келген тұрғындар ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысып, өз таңдауларын жасауда. Қарқаралы аудандық сайлау комиссиясының мәліметінше, ауданында дауыс беруге құқылы 18 100 сайлаушы тіркелген. Бүгін олардың әрқайсысына өз таңдауын жасауға мүмкіндік беріліп отыр.

Маңызды саяси науқан күні алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің қатарында Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, 86 жастағы ардагер ұстаз Ахмадия Сүлейменов те бар. Ол №472 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық борышын орындап, өз таңдауын жасады.

Өмірінің талай белесін артқа тастаған қарияның бұл қадамы елдік мәселеге бейжай қарамайтын азаматтық жауапкершіліктің жарқын үлгісі.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Қарқаралы ауданы.
«Ortalyq Qazaqstan»



