Бас тақырып

Қазақтың даңқты боксшысы, жерлесіміз Серік Нұрқазов із-түссіз жоғалып кетті

Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі Instagram-парақшасында отандық танымал боксшы, даңқты жерлесіміз, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазовтың жоғалып кеткені туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Ortalyq.kz baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сурет: 1bol.kz сайтынан

«Қоғам» еріктілер отрядының мәліметінше, 64 жастағы ер адам 14 желтоқсанда Алматыда жоғалып кеткен.

– Назар аударыңыз! Нұрқазов Серік, 04.10.1959 – туған күні. 14.12.2023 күні Луганск көшесіндегі өз үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, оның қайда екені қазірге дейін белгісіз. Киімі: сұр түсті қалпақ, көк түсті күрте, ақ түсті жейде, қара түсті джинсы шалбар. Ерекшеліктері: шашы ақ түсті, сақалы бар.  Жоғалған адам туралы қандай да бір мәлімет білетін адамдар мына нөмірге хабарласса деп өтінеміз: +7 702 712 79 22 немесе @kogam_almaty, –  делінген мәліметте.

Сурет: baq.kz сайтынан

Серік Төкенұлы Нұрқазов Қарағанды облысында дүниеге келген.

– Бокстан КСРО еңбек сіңірген спорт шебері;
– 1983 жылы Римде өткен Әлем кубогының күміс жүлдегері;
– 1981 жылы Тамперада өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері;
– 1983 жылы Варнада өткен Еуропа чемпионы;
– КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы.

Алматы қалалық ПБ өкілдері қазіргі уақытта Медеу ауданының полиция басқармасы осы факт бойынша іздестіру ісін жүргізіп жатқанын хабарлады.

 – Жоғалған адамның қайда екенін анықтауға және оның отбасына оралуына бағытталған жедел-іздестіру шаралар кешені жүргізіліп жатыр, делінген қалалық ПД хабарламасында.

Материалды әзірлеген Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button