АймақБас тақырыпҚарағанды

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: апатқа кінәлі 28 адам сотталуы мүмкін

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Үкімет комиссиясының мүшелері «Қазақстан» шахтасындағы оқыс оқиға жұмысының нәтижелерін жариялады.

Брифинг спикерлері ҚР ТЖ министрі Сырым Шәріпханов, Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин, Мемлекеттік кәсіби әскерилендірілген құтқарушылар Қарағанды филиалы директорының бірінші орынбасары Геннадий Селинский болды.

Бірнеше апта бойы комиссия мүшелері 17 тамызда шыққан шахтадағы өрт салдарын анықтауға тырысты.

Нәтижесінде, шахтадағы апатқа кінәлі 28 адам темір торға тоғытылуы мүмкін.

Шахтадағы төтенше жағдайды зерттеген комиссия жұмыс берушінің 100 пайыз кінәсі деген қорытынды жасады.

– Комиссия қорытындысы бойынша, конвейер таспасы таспаның кептелген роликке үйкелуіне байланысты жанып кеткен. Сол бөлікте үйкеліс пайда болып, механикалық жылу шамадан тыс тиелген көмірге беріліп, өртенген. Инженерлік-техникалық персоналдың бақылауында болмады. Қауіпсіздік техникасын сақтамау және энергомеханикалық қызметті әлсіз бақылау. Қауіпсіздік талаптарын және техникалық реттеу нормаларын бұзу. Бұл сәйкестік сертификатынсыз таспалы кенептің жұмысы. Шахтада гео-позициялау жүйесіне қызмет көрсететін персоналдың жетіспеушілігі сезілді, – деді Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов.

Полиция бұл іске байланысты 227-баптың 3-бөлігі бойынша «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қаіпсіздік ережелерін бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Төтенше жағдайлар министрінің айтуынша, кінәлі адамдар тізімінде АМТ бас директордың коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары – Мохан Винит, «Арселор Миттал Теміртау» АҚ материалдық және техникалық жабдықтау жөніндегі басқарушысы – Покле Шайлендра мен Көмір департаментінің техникалық директоры Андрей Белый бар. Олардың жауапқа тартылған, тартылмағанынан Төтенше жағдайлар министрі бейхабар. Ал полиция әзірге нақты кімнің ұсталып, жауапқа тартылғаны туралы ақпарат берген жоқ.

Айта кетейік, қазіргі таңда шахтадағы өрт әлі сөнген жоқ.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button