АймақБас тақырып

Қарағандыда көмір шахтасында өрт шықты

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасында конвейер таспасы өртеніп жатыр. Оқиға орнында облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков бар.

– 17 тамызда сағат 10:05-те «АрселорМиттал Теміртау» АҚ УД «Қазақстан» шахтасында Д6 (горизонт-170 м) көмір еңісін қазуда конвейер таспасының өртенуі орын алды. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға  «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника бірлігі) және төтенше жағдайлар департаментінің (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал бөшкесі арқылы адамдарды шығарылды. Қазіргі уақытта тек 101 адам жер бетіне шығарылған. Өзге қызметкерлерді эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл жерге қосымша  «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» республикалық орталық штабының  (15 қызметкер және 3 техника бірлігі) және төтенше жағдайлар департаменті (8 қызметкер және 2 техника бірлігі) күштері келеді, – делінген жедел хабарламада.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

 

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button