Бас тақырып

Қазақстан IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде төменгі орында

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары интернет жылдамдығы цифрлық инфрақұрылымды дамытудың негізгі параметрлерінің бірі екенін атап өткен. Қазақстан 2023 жылғы IMD әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 34,2 Мбит/с-пен интернет өткізу қабілетінің жылдамдығы бойынша 64 елдің ішінде 60-шы орынға ие болды, деп хабарлайды Ortalyq.kz mangystau.today instagram парақшасына сілтеме жасап.

Сурет: wifire.ru сайтынан

Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары жылдамдықты интернет Сингапурда (179,4 Мбит/с), Исландияда (175,9 Мбит/с), АҚШ-та (162,3 Мбит/с), Румынияда (159,4 Мбит/с) және Таиландта (158,5 Мбит/с) байқалады.

Аутсайдерлер тізімін Ботсвана (8,2 Мбит/с), Венесуэла (13,3 Мбит/с), Индонезия (18,6 Мбит/с), Түркия (24,7 Мбит/с) және Қазақстан (34,2 Мбит/с) бастап тұр.Рейтингке қатысушы елдер арасында ең жоғары жылдамдықты интернет Сингапурда (179,4 Мбит/с), Исландияда (175,9 Мбит/с), АҚШ-та (162,3 Мбит/с), Румынияда (159,4 Мбит/с) және Таиландта (158,5 Мбит/с) байқалады.

Аутсайдерлер тізімін Ботсвана (8,2 Мбит/с), Венесуэла (13,3 Мбит/с), Индонезия (18,6 Мбит/с), Түркия (24,7 Мбит/с) және Қазақстан (34,2 Мбит/с) бастап тұр.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button