Тағзым

Қазаққа жақын қоңыр үн иесі еді

Қазақ өнері орны толмас ауыр қазаға ұшырады.

52 жасқа қараған шағында әнші-композитор, жерлесіміз Сейіл Аяған мезгілсіз дүниеден өтті.

Сейіл Аяған Қарағанды облысы, Шет ауданы, Қызылтау кеңшарында дүниеге келген. Шежірелі өлкемізден түлеп ұшып, табиғат сыйға тартқан таңғажайып қоңыр үнімен исі қазақтың жүрегінен орын алған жезтаңдай әнші бауырымыз өнерсүйер қауымға, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін лирикалық, ретро стильдің орындаушысы ретінде танымал болды.

Қалың көпшіліктің жүрегіне жол тапқан «Жас қалам», «Таң самалы», «Бала махаббат», «Қандай сұлу дүние», «Оянған махаббат» тағы басқа да көптеген әндермен өз тыңдарманын тауып, елдің сүйікті әншісіне айналды. Туған жерінің кез келген мәдени іс-шараларынан да тыс қалмаушы еді.

Амал нешік, абзал азаматтың туған-туыстарына Шет ауданы халқы атынан қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.

Оның жарқын бейнесі мен өнері туған халқымен бірге жасай береді.

М.МҰХТАРОВ, С.СОЦИАЛ, Д.КӘРСЕМБАЕВ, М.ЖҰМКИН, О.СТЫБАЕВ, М.ЖОНКИНА, С.АХМЕДИЯ, Ә.АХМЕТЖАНОВА.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button