Ауыл – ел бесігі

Ауыл мәселесі назарға алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы Білім күні жолданады. Мұның да өзіндік маңызы бар деп ойлаймын. Басқасын айтпағанда, білім мен ғылым саласына ерекше көңіл бөлінуде. Ғалымдардың еңбегін бағалау, ұстаздардың еңбекақысын өсіру мәселесі ерекше аталып өтті. Біз бұған ерекше қуанамыз. Және де төменгі айлықтың көлемінің артуы халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді деген сеніміміз мол.

Тағы бір басты мәселенің бірі – мал жайылымы. Президент шаруалардың қолы жайылымға жетпей отырғанын айтты. Әсіресе, әкімдер әртүрлі сылтау айтып, жайылым жерлерді ықпалды адамдардан кері қайтармай жатқанына да тоқталды. «Аймақтарда әкімдер түрлі себептерді сылтауратып ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауы керек. Жеке қосалқы шаруашылықтарды жайылым жермен қамтамасыз ету қажет», – деді Президент Жолдауында. Бұл мәселе ауыл халқының алаңы еді. Шешімін табады деген сенімдеміз.

Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ,

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы.

Басқа материалдар

Back to top button