СпортАймақ

Әлемнің бес дүркін чемпионы Дәрібай Оспанов өз таңдауын жасады

Пауэрлифтингтен әлемнің бес дүркін чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, Азия және әлем біріншіліктерінде ел намысын абыроймен қорғаған даңқты спортшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәрібай Оспанов мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс берді.

Сурет ұйымдастырушылардан

Белгілі спорт шебері Шет ауданы, Ақадыр кентінде орналасқан №599 сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық борышын өтеді. Ел спортының дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген ардагер спортшы өңірдің болашағы үшін маңызды саяси науқаннан тыс қалмау әрбір азаматтың парызы екенін жеткізді.

– Еліміздің ертеңі мен туған өлкеміздің өркендеуі әрқайсымыздың белсенділігімізге байланысты. Жастарға үлгі болып, өзімнің азаматтық таңдауымды жасау үшін арнайы келдім. Ел игілігі жолында қызмет ететін лайықты азаматтар сайланады деп сенемін, – деді Дәрібай Оспанов.

Сайлау учаскесінде дауыс беру барысы заң талаптарына сай, қалыпты жағдайда өтуде. Халықтың белсенділігі – жоғары.

Назар ӘЛІ,
«Ortalyq Qazaqstan»

Шет ауданы

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button