Бас тақырыпЖаңалықтар

Президент Мәслихат сайлауында дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет Ақорда

Президент Астанадағы Тәуелсіздік сарайында орналасқан №520 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Еске салайық, 29 қарашада елімізде мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. 12 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешім қабылдады. Биыл мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына 3 447 мандат бөлінді. Науқан алдында Бас прокуратура азаматтарға үндеу жасады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Пікір қалдырыңыз

Басқа материалдар

Back to top button