«Азамат елдік мүддемен егіз есейеді»
№8 жалпы білім беретін орта мектепте орналасқан №164 сайлау учаскесінде Хасан Сәбит пен Хусейн Сәбит есімді егіздер дауыс берді.

– Екеуміз бір-бірімізден аса алыстай бермейміз. Бүгін де бірге келіп дауыс бердік. Ата-анамыз мұндай жауапты сәттерде шетте қалмауға тәрбиеледі. Бала кезімізде таңертең оятып алып, сайлау учаскелеріне ертіп әкететін. Енді, міне, өзіміз де есейдік. Елдік мүдде жолында таңдау жасау – азаматтық борышымыз. Азамат елдік мүддемен егіз есеюі керек деп есептейміз, – деді егіздер.
Сондай-ақ, олар елдің болашақ дамуы үшін тарихи таңдау жасалатын бүгінгідей сындарлы сәттен сырт қалып, елдің болашағына бейжай қарай алмайтындарын жеткізді.
Жалпы, №164 сайлау учаскесіндегі жағдай – тұрақты. Сайлаушылар белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр. Қазіргі уақытқа дейін ешқандай заңға қайшы әрекеттер орын алған жоқ.
Ерік НАРЫН,
«Ortalyq Qazaqstan»



