Акция

«Атамекен» әнін бірге шырқаймыз

Жезқазған қаласының жастары барша қазақстандықтарды 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай даңқты композитор Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВТІҢ рухына арналған ««Атамекен» әнін бірге шырқаймыз»» атты патриоттық онлайн акциясына қатысуға шақырады.


Акция 7 мамыр сағат 11.00-ден басталады. Қатысушылар «Атамекен» әнін бір мезгілде орындап, бейнежазбасын интернетке жариялауы қажет.

Композитордың «Атамекен» әні 1970 жылы жазылған. Бүгінге дейін жас ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп келген ең үздік патриоттық ән. Ал, Отанды сүю – ең ұлы сезім! Отан қорғау – қасиетті борыш! Ұлы Даламызға әнімен мәңгілік ескерткіш орнатқан қазақ халқының біртуар перзенті Ескендір ағаның даңқы асқақтай берсін!

Басқа материалдар

Back to top button