Акция

Жастар қамқорлығы

Приозерск қаласында «Ардагерім – ардағым» акциясы жалғасуда. Аталмыш игі шара аясында «ASAR» корпусының еріктілері және қалалық жастар ресурстық орталығының қызметкерлері әр жұма сайын жалғызбасты қарияларға жәрдем жасауды дәстүрге айналдырған.

Аптаның соңында ардагерлерге арналып, «Тегін дәрі-дәрмек» акциясы ұйымдастырылып, дәрі-дәрмек таратылды. Жиынтық қоржынға сегізден астам дәрі-дәрмек салынған.

Тегін таратылған дәрілер қатарында арнайы рецептісіз берілетін дәрі-дәрмек пен дәрумендер бар. Әр жиынтыққа бетперделерден бастап, дене қызуын түсіретін дәрілерге дейін салынған. Сондай-ақ, жөтелді басатын дәрі-дәрмек те бар. Акцияны ұйымдастырушы – Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы, демеуші – Приозерск қаласының жастары, – дейді қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Ұлан Алмас.

Нұрдос КӘРІМ.

ПРИОЗЕРСК қаласы.

Басқа материалдар

Back to top button