“Ата жолы-ақ бата”
Алғыс айту күні қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. Осы мерекеге орай Балқаш қаласындағы «Балауса» балабақшаның «Қарақат», «Қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілерінің арасында «Ата жолы ақ бата» атты бата беру байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдіру халқымыздың ежелден келе жатқан, кең таралған дәстүрлерінің бірі екенін жас бүлдіршіндердің бойына сіңіру. Сонымен қатар, өскелең ұрпаққа отбасылық дәстүрлерді сақтаудың, бір-біріне ізгілік қарым-қатынас білдірудің маңызы, бата беру халық педагогикасының қайнар бұлағы тәрбиенің бір құралы екенін ата-аналарға насихаттау мақсатында өрбіді.
Байқауда бес бала бағын сынады. Олардың қатарында «Қарақат» тобының тәрбиеленушілері – Алтынсары Мейіржан, Расул Елжан және «Қызғалдақ» тобының тәрбиленушілері – Рамазан Болатқұл, Палуан Бакиров, Арнұр Теміртас бар. Сайысқа сақадай сай келген балдырғандар батаны мәнерлеп нақышына келтіріп жатқа айтып, көптің көңілінен шықты. Ал, балабақша тәрбиешілері болса, байқау барысында балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап ат салысты. Жақсы өнер көрсеткен бүлдіршіндер арнайы сертификаттармен марапатталды.
Жанерке СЫЗДЫҚОВА.
БАЛҚАШ қаласы.